ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді

Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезекті кезеңі басталады.

Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық сын өтеді. Аралас эстафетада Қазақстан құрамасының намысын Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қыныбаева қорғайды.

Ал аралас жеке эстафетада ел құрамасынан Полина Егорова мен Никита Акимов жарыс жолына шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button