Шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстаннан 12 спортшы қатысады

Қазақстан құрамасының шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне қатысатын спортшылары анықталды. Халықаралық жарыс 23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында өтеді.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жариялаған қатысушылар тізіміне сәйкес, Қазақстан атынан 12 спортшы сынға түседі. Олардың алтауы ерлер, алтауы әйелдер арасындағы бәсекеге қатысады.
Әйелдер құрамасында Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек және Гүлдана Жалмұхан өнер көрсетеді.
Ерлер арасында ел намысын Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов және Тамирлан Жолдас қорғайды.
Ванкувердегі жарыс шорт-тректен жаңа маусымдағы әлемдік турдың алғашқы кезеңі болмақ.
Айта кетейік, әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада ұйымдастырылады. Бұл жолы спортшылар Монреаль қаласында бақ сынайды.



