ДЗЮДОТРЕНДТЕ

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Куюлова үшінші орын үшін Өзбекстан өкілі Маржона Нуруллоевамен белдесті.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Қосымша уақытта Эсмигүл Куюлова вазари ұпайын алып, қарсыласын жеңді.

Бұл – Эсмигүл Куюлованың Азия ойындарындағы екінші қола медалі. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында да үшінші орын алған еді.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Басқа жаңалықтар

Back to top button