
Қазақстандық дзюдошы Әділет Алмат Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әділет Алмат Жапония өкілі Сотаро Фудзиварамен белдесті. Шешуші кездесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Әділет Алмат Қазақстан құрамасының дзюдодан осы Азия ойындарындағы үшінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова, 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов күміс жүлдегер атанған еді.
Фото: Нұрғали Жұмағазы



