
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әбужақынова Жапония өкілі Мицуки Кондомен белдесті. Шешуші кездесуде жапониялық дзюдошы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Осылайша, Әбиба Әбужақынова Азия ойындарында қатарынан екінші рет күміс жүлдегер атанды. Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында да күміс медаль жеңіп алған еді.
Фото: Сали Сабиров



