
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымынан сәтті өтті.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда WTA рейтингінің 58-сатысындағы украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті.
1 сағат 53 минутқа созылған матчта Рыбакина 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші 12 эйс орындап, бір қос қателік жіберді. Сондай-ақ ол 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингте 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі.



