ТАЕКВОНДО

Қазақстан құрамасы таеквондодан командалық Әлем кубогына қатысады

Қазақстанның таеквондодан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысады. Ел намысын қорғайтын спортшылардың құрамы белгілі болды.

Алдағы халықаралық додада Қазақстан сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкарымов, Батырхан Кусетов, Камила Аймұқашева, Аида Тәукенова, Аружан Найманбаева және Нұрай Қазнабек өнер көрсетеді.

Командалық Әлем кубогы 14–16 шілде аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Қазақстандық спортшылар да жүлделі орындар үшін таласқа түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button