ТАЕКВОНДО

Қазақстан құрамасының таеквондошылары Римдегі Гран-при турниріне қатысады

Италияның Рим қаласында таеквондодан Гран-при турнирі басталады. Әлемнің үздік спортшылары қатысатын беделді жарыста Қазақстан құрамасының өкілдері де бақ сынайды.

Ұлттық құрама сапында әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта Айдана Құмартаева мен Нодира Ахмедова өнер көрсетеді. Ал 57 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Мария Севостьянова жарыс жолына шығады.

Ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақта Тамирлан Тілеулес күш сынасады. 68 келіге дейінгі салмақта Самирхон Абабакиров ел намысын қорғайды. 80 келіге дейінгі салмақта Батырхан Төлеуғали мен Бекасыл Ергеш бақ сынайды. Ал аса ауыр салмақта Бейбарыс Қаблан өнер көрсетеді.

Римдегі Гран-при турнирі таеквондошылар үшін әлемдік рейтинг ұпайларын жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі саналады. Сондай-ақ бұл дода халықаралық маусымдағы негізгі бәсекелер алдындағы дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Италия астанасында өтетін турнир 7 маусымға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button