ХОККЕЙ
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды

Польшадағы Крыница-Здруй қаласында 18 сәуір күні хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл турнирде элиталық дивизионға жолдама сарапқа салынады.
Қазақстан жасөспірімдер хоккей құрамасы жарысты 18 сәуірде бастайды. Алғашқы қарсылас – Венгрия құрамасы.
Қазақстан құрамасының толық ойын кестесі (Астана уақытымен):
– 18 сәуір, 15:30: Қазақстан – Венгрия
– 19 сәуір, 22:30: Қазақстан – Польша
– 21 сәуір, 19:00: Қазақстан – Украина
– 23 сәуір, 15:30: Қазақстан – Швейцария
– 24 сәуір, 15:30: Қазақстан – Словения
Алдағы матчтарда қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға жолдама алу үшін сынға түседі.



