ХОККЕЙ
Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчта жеңілді

Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатында (IB дивизионы) Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы екінші кездесуін өткізді.
Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Нидерланд құрамасына қарсы ойнап, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Қарсылас команда матч бойы басымдық танытып, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші ойында да жеңіліс тапты. Бұған дейін отандастарымыз Латвияға қарсы кездесуде буллит сериясында ұтылған еді.
Келесі матчта Қазақстан құрамасы алаң иесі Испаниямен кездеседі. Ойын 15 сәуірге жоспарланған.



