ХОККЕЙ

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын жеңіліспен бастады

Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы хоккейден әлем чемпионатында (IB дивизионы) Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы алғашқы ойынында жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы турнирді Латвияға қарсы матчпен бастады. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталды. Алайда буллит сериясында қарсылас команда басым түсіп, есеп 2:3 болып тіркелді.

Қазақстан сапында София Зубкова мен Александра Шегай гол соқты.

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы Нидерландқа қарсы өткізеді. Кездесу 13 сәуірге жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button