ҚЫСҚЫ СПОРТ

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында жүлдеден сәл ғана тыс қалды

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында аралас командалар сайысы мәресіне жетті.

Қазақстан атынан қатысқан Ардана Маханова, Асылхан Асан және Дінмұхаммед Райымқұлов өнер көрсеткен құрам 212,78 ұпай жинап, төртінші орынға табан тіреді.

Екінші қазақстандық команда сапында Раяна Маханова, Роман Погосян және Аделина Умурзакова өнер көрсетіп, 189,50 ұпаймен жетінші нәтижені көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Украина құрамасы 247,50 ұпаймен чемпион атанса, Канада екінші орынға ие болды. Үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында Асылхан Асан алтын медаль жеңіп алса, Дінмұхаммед Райымқұлов күміс жүлдеге ие болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button