ҚЫСҚЫ СПОРТ

Могулшы Юлия Феклистова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11-орын алды

Швейцарияның Айроло қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде жекелей могул бағдарламасы бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Юлия Феклистова көрсетіп, 11-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ Юлия Мокина 30-орын, Валерия Воловикова 33-орын алды.

Ерлер арасында Денис Раструба 29-орынға ие болса, Ильнар Ибрагимов 32-орын, Алексей Дегтярев 34-орын, Даниил Коротков 35-орын және Дмитрий Пятаков 48-орыннан көрінді.

Айта кетейік, 20 наурызда чемпионат аясында фристайл-акробатикадан жекелей сайыс өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button