ҚЫСҚЫ СПОРТ

Биатлоннан екінші Әлем кубогының кезеңі: спринтте ел намысын кімдер қорғайды

12 желтоқсанда Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі басталады. Бағдарламадағы алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы спринт сайыстары өтеді.

Қазақстан құрамасынан спринтке келесі спортшылар қатысады:

Ерлер:
– Владислав Киреев
– Әсет Дүйсенов
– Вадим Куралес

Әйелдер:
– Милана Генева
– Дарья Климина
– Алина Скрипкина

Екінші кезең аясында биатлоншылар із кесу жарысында және эстафетада да бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button