Спорт Министрі | Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
КҮРЕС

Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі.

82 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қазақстандық балуан үндістандық Принсті сенімді жеңді.

Енді ол жартылай финалға шығып, жапон балуаны Тайзо Ёсидомен кездеседі.

Өткен жылы Жапония спортшысы ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button