КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық Болат Сапар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын жеңіп алды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында самбодан жарыстар өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

3 қыркүйекте өткен бәсекеге әлемнің 20 елінен 42 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы бір алтын және бір қола медаль иеленді.

98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Болат Сапар қарсыластарынан басым түсіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Екінші орынды өзбекстандық Зуфарбек Уралов алса, ресейлік Глеб Позахирко қола жүлдеге ие болды.

64 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жандос Бейшенбаев үшінші орын алды. Бұл салмақта ресейлік Денис Яковлев жеңіске жетсе, Қытай өкілі Урунлие күміс жүлдегер атанды.

79 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан өкілі Феликс Уланбеков алтын медаль иеленді. Беларусь спортшысы Уладзислау Мардусеевич екінші, моңғолиялық Мунхабаяр Нергул үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы самбодан жарысты бір алтын және бір қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button