
Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен халықаралық турнир аяқталды.
Қазақстандық балуандар жарысты бір алтын және бес қола медальмен қорытындылады.
79 келіге дейінгі салмақта Ерхан Әбіл жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.
Ал Еламан Амангелді (57 келіге дейін), Мерей Базарбаев (61 келіге дейін), Мағжан Жаңырбай (86 келіге дейін), Нұрдәулет Бекенов (97 келіге дейін) және Әлімжан Сәлімжан (125 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.



