Спорт Министрі | Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
КҮРЕС

Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде өзбекстандық Шерзод Поеновпен өзара мықтыны анықтады.

Тартысты өткен белдесу қарсыластың пайдасына аяқталды. Поенов 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button