Спорт Министрі | Эльмира Сыздықова Мажарстандағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
КҮРЕС

Эльмира Сыздықова Мажарстандағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Будапештте (Мажарстан) өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі, әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) қола медаль иеленді.

Бұл – ел қоржынына түскен төртінші жүлде. Бұған дейін Жәмилә Бақбергенова (72 келі) күміс алса, Нилуфар Райымова (57 келі) және еркін күрестен Асылжан Есенгелді (61 келі) қолаға қол жеткізген болатын.

Рейтингтік турнир бүгін аяқталады. Онда еркін, әйелдер және грек-рим күресінен үздіктер анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button