Қазақстан Германиядан ұтылып қалды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізіп, Германия құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sportm.kz.
Ойын Данияның Хернинг қаласында өтті. Кездесудің алғашқы минуттарында қазақстандықтар белсенді бастады. 3-минутта шабуылшы Никита Михайлис дәл соққымен есеп ашып, ел намысын қорғайтын құраманы алға шығарды.
Алайда неміс құрамасы көп ұзамай таразы басын теңестірді. 13-минутта Максимилиан Кастнер есепті 1:1-ге жеткізсе, екінші кезеңнің ортасында Войцех Стаховяк Германияны алға шығарды.
Үшінші кезеңде қарсылас басымдықты толық өз қолына алды. Лукас Райхель (41-минут) және Лукас Кельбле (45-минут) шайбаларымен матч тағдырын шешіп берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісінен кейін екінші кездесуде ұтылып, әзірге бір жеңіс, бір жеңіліс нәтижесімен келе жатыр.
Алдағы кездесулер Қазақстан үшін плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалу жолында шешуші болмақ.