БОКСТРЕНДТЕ

Қазақстаннан 11 боксшы Ташкенттегі әлем кубогының қорытынды кезеңіне қатысады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін бекітті.

World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін халықаралық турнир 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Жарыста Қазақстан намысын алты ер және бес әйел боксшы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

  • 50 келі – Даниял Сәбит;

  • 70 келі – Фарух Тоқтасынов;

  • 75 келі – Аман Қонысбеков;

  • 80 келі – Диас Молжігітов;

  • 85 келі – Сұлтанбек Айбарұлы;

  • 90 келі – Дәулет Төлемісов.

Әйелдер құрамасы:

  • 57 келі – Карина Ибрагимова;

  • 70 келі – Бақыт Сейдіш;

  • 75 келі – Шұғыла Нәлібай;

  • 80 келі – Валерия Аксенова;

  • 80 келіден жоғары – Дина Исламбекова.

Биылғы әлем кубогының қорытынды кезеңіне 31 елдің боксшылары қатысады. Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.

Жарыстың шешуші жекпе-жектері 3 желтоқсанда өтіп, турнир жеңімпаздары анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button