
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы матчында жеңіске жетті.
Құрлық біріншілігінің алғашқы кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасына қарсы ойнап, 3:2 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, чемпионатты сәтті бастады.
Ұлттық құрама келесі кездесуін 7 қарашада Қытай хоккейшілеріне қарсы өткізеді. Ал 8 қарашада қазақстандықтар жарыс қожайыны Оңтүстік Корея құрамасымен күш сынасады.
Еске салайық, 5–8 қараша аралығында өтіп жатқан Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы 23 хоккейшімен аттанған. Олардың қатарында үш қақпашы, сегіз қорғаушы және 12 шабуылшы бар.



