
Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы Таиландтың Сирача қаласында өткен халықаралық турнирде тағы екі алтын медаль иеленді. Бұл жолы 17 жасқа дейінгі спортшылар (U17) арасындағы бәсекеде қазақстандық балуандар үздік нәтиже көрсетті.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марлен Тулеш қарсыластарынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Ол өз салмағында бірінші орын алып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.
Ал 110 келіге дейінгі салмақта Арыстан Темерғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қазақстандық балуан халықаралық жарыста алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бұған дейін осы турнирде 20 жасқа дейінгі спортшылар (U20) арасында Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі чемпион атанған болатын.
Атап айтқанда, 82 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия, ал 72 келіге дейінгі салмақта Данияр Қанағатбек алтын медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы Сирачадағы халықаралық турнирді төрт алтын медальмен қорытындылады. Оның екеуі U17, қалған екеуі U20 жас санатында жеңіп алынды.



