ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламадан кейін 11-орында келеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде қысқа бағдарламасын орындап, 11-орынға тұрақтады.

Жарыстың алғашқы күнінде отандасымыз өз өнері үшін төрешілерден 61,03 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 11-орынға орналасуға мүмкіндік берді.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Жапония өкілі Ами Накай көш бастады. Ол қысқа бағдарламада 82,20 ұпай еншіледі.

Екінші орынға бейтарап мәртебеде сынға түсіп жатқан Александра Игнатова жайғасты. Ресейлік спортшы 74,24 ұпай жинады. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ким Ю Чжэ 73,92 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Енді спортшылар еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Бұл сайыс Қазақстан уақытымен 16 қарашаға қараған түні өтеді.

Софья Самоделкинаның Гран-при кезеңіндегі қорытынды орны екі бағдарлама бойынша жинаған жалпы ұпайына байланысты анықталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button