Спорт Министрі | Ауыр атлетикада жарқын жеңіс: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
АУЫР АТЛЕТИКА

Ауыр атлетикада жарқын жеңіс: Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Қазақстан құрамасы жастар арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жарыста 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ксения Прозорова 91 кг жұлқа, 108 кг серпе көтеріп, жалпы 199 кг нәтижемен топ жарды. Ол Өзбекстан мен Ресейден келген қарсыластарын артта қалдырды.

Бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейт те алтын медаль иеленіп, Қазақстанның бұл біріншіліктегі жалпы алтын медаль санын екіге жеткізген болатын.

Back to top button