АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Нұрғиса Әділетұлы Азия ойындарында ауыр атлетикадан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысында ол 394 келі нәтижемен екінші орын иеленді.
Алтын медаль Иран өкілі Али Алипурға бұйырды. Ол қоссайыста 398 келіні (180+218) көтерді. Қытайлық И Ту 384 келі (179+205) нәтижемен қола жүлдеге ие болды.
Бұған дейін 85 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Алексей Чуркин де күміс медаль жеңіп алған болатын.
Фото: Сали Сабиров



