БАСҚАЛАРЫ
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына Қазақстаннан алты спортшы қатысады

Нидерландтың Роттердам қаласында өтетін спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының қатысушылары анықталды.
17-25 қазан аралығында ұйымдастырылатын әлем біріншілігінде ел намысын алты гимнаст қорғайды.
Қазақстан құрамасының сапына Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов және Роман Хегай енді.
Әлем чемпионатында жүлделермен қатар, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына алғашқы командалық жолдамалар да сарапқа салынады.
Роттердамдағы әлем біріншілігі 17 қазанда басталып, 25 қазанда аяқталады.



