ТЕННИС
Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнир финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ресейлік серіктесі Элина Неплиймен бірге Шымкентте өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Sportm.kz.
Жарыстың 3-ракеткалары саналатын Сағындықова мен Неплий жартылай финалда турнирдің 2-нөмірлі жұбы — ресейлік Ксения Ласкутова мен германиялық Франциска Цидатты 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Бір жарым сағатқа созылған кездесу қызу тартысқа толы болды.
Финалда қазақстандық-ресейлік жұп ресейлік Екатерина Маклакова мен Анна Урекемен чемпиондық атақ үшін таласады. Маклакова мен Уреке — турнирдің бірінші ракеткалары.