ТЕННИС

Қазақстанның падел құрамасы Азия ойындарына сегіз спортшымен қатысады

Қазақстан падел федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшыларының тізімін жариялады.

Қазақстан атынан сегіз спортшы өнер көрсетеді. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда ел намысын екі жұптан қорғайды.

Ерлер бәсекесінде Евгений Данилов пен Тимур Хабибулин, сондай-ақ Родион Пак пен Жақас Қозбақ жұп құрып өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында Альбина Хабибулина мен Мария Синицына, Әйгерім Сүлеймен мен Татьяна Гиоргазде жарысқа қатысады.

Айта кетейік, падел спорты жазғы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button