Спорт Министрі | Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің финалына шықты
ТЕННИС

Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Аньнин қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жұптық санатында финалға жолдама алды.

Ломакин таиландтық серіктесі Вишайя Тронгчароенчайкулмен бірге жарыстың 2-ракеткасы ретінде тіркеліп, бірқатар қарсыластарын жеңіп шықты.

  • 1/8 финалда олар қытайлық Динжен Нима мен Женгу Сун жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

  • Ширек финалда қытайлық Ксируй Хань мен Вейтао Сюйді 6:2, 6:4 нәтижесімен жеңді.

  • Жартылай финалда оңтүстіккореялық Сан-уи Шин мен Сеонгбин Шим жұбын 7:5, 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктіріп, финалға шықты.​

Алайда жекелей сында Ломакин ширек финалда оңтүстіккореялық Ву Бин Шиннен 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.​

Финалдық кездесу 3 мамырда өтеді.​

Басқа жаңалықтар

Back to top button