Спорт Министрі | Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты
ТЕННИС

Елена Рыбакина үшінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Дубай қаласындағы  WTA 1000 санатындағы турнирге қатысып жатыр.

Ол жарысты екінші айналымнан бастады және әлемдік рейтинте 62-ші орында тұрған жапониялық  Моюки Утидзимамен жолықты. Айта кетейік, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте қазір 7-ші сатыда. Сәйкесінше, ә дегеннен белсенді болып, айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:2. Енді Елена әлемнің 10-шы ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі теннис турнирі 23-ші ақпанға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 3 миллион 600 мың АҚШ долларын құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button