Қазақстандық хоккейші канадалық клубқа ауысты

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников канадалық «Коквитлам Экспресс» клубымен келісімшартқа отырды. Бұл жөнінде телеграмм арналар жарыса жариялап жатыр. 19 жастағы Никита үшін бұл кәсіпқой мансабындағы маңызды қадам болып саналады.
«Никита – өте шебер, жылдам әрі ақылды ойыншы. Бұл қасиеттер біздің лигада үлкен басымдық береді. Жанкүйерлер ойынын қызыға тамашалайды деп сенеміз, болашағына үлкен үміт күтеміз», — деді канадалық клубтың бас менеджері Тали Кэмпбелл.
Никита Ситников биылғы маусымды астаналық «Снежный барсы» командасынан бастап, Қазақстан чемпионатының 27 ойынына қатысты. 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Жалпы саны 11 ұпай жинады. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасы сапында әлем чемпионатында 5 ойынға қатысып, 1 гол және 1 нәтижелі пас тіркеді. яғни 2 ұпай еншіледі.