ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатында үшінші жеңісіне жетті

Қазақстан ерлер құрамасы Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IА дивизионындағы әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Бұл жолы ұлттық команда алаң иелері — Польша құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Кездесуді поляк хоккейшілері сәтті бастап, алғашқы минуттарда есеп ашты. Екінші кезеңде қос команда да нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмады. Ал үшінші кезеңнің ортасында Батырлан Мұратов есепті теңестірді.

Матч соңына таман Семен Симонов Қазақстан құрамасын алға шығарса, Кирилл Савицкий бос қақпаны дәл көздеп, есепті 3:1-ге жеткізді. Соңғы секундтарда Польша бір шайбамен жауап қайтарғанымен, жеңіс қазақстандықтарға бұйырды — 3:2.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі үш ойында да жеңіске жетіп, 9 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Бұған дейін отандастарымыз Жапония мен Литва құрамаларын ұтқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button