Қазақстан Оңтүстік Кореядан ұтылды
Алматы қаласында шайбалы хоккейден Азия чемпионаты басталды. Айта кету керек, Алматы алғаш рет құрлықық доданы қабылдап жатыр. Халықаралық хоккей федерациясының күнтізбесіндегі жарысқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысуда.
Жарыстың бірінші күні Олег Болякин баптатйын ұлттық құрамамыз Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, 4:1 есебімен есе жіберді. Есепті екінші кезеңде қонақтар ашты. Атында Қазақстан сапындағы Александр Борисевич таразы басын теңестірген. Бірақ, Корея хоккейшілері матч соңына дейін тағы 3 шайба соғып, жеңісті жұлып алды. Жапония мен Қытай арасындағы ойын да дәл осындай нәтижемен аяқталды.
Енді ертең Қазақстан құрамасы Жапония жігіттерімен жолығады. Ал, 9-шы қарашада Қазақстан-Қытай матчты өтеді. Алматы қаласындағы Азия чемпионаты 10-шы қарашаға дейін жалғасады. Кездесулер Halyk Arena мұзсарайында болып жатыр. Айта кетейік, құрлықтық дода қатысушы командалар үшін алдағы жылдың ақпан айында Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқа Азия ойындарына негізгі дайындық болып есептеледі.