КҮРЕС

Еркебұлан Анапия U20 Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Еркебұлан Анапия финалға шықты.

82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз жартылай финалда Тәжікстан өкілі Мухаммад Султонзоданы 13:3 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Чемпиондық атақ сарапқа салынатын шешуші белдесуде Еркебұлан Анапия Иран балуаны Алиреза Мохаммад Хоссейнимен кездеседі.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы үш өкілі қола жүлде үшін белдеседі. 60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы Жапония спортшысы Юсукэ Хиротамен күш сынасса, 67 келіге дейінгі салмақта Досбол Шамиль Үндістан өкілі Ануджға қарсы шығады. Ал 97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев Қытай балуаны Синью Люмен қола медаль үшін белдеседі.

Айта кетейік, U20 Азия чемпионаты Паттайя қаласында жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button