АУЫР АТЛЕТИКА
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатының шымылдығы түрілді.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 16 өңірінен 160-тан астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында ұлттық құраманың жетекші ауыр атлеттері де бар.
Алайда бұл жарыста Нұрғиса Әділетұлы мен Алексей Чуркин өнер көрсетпейді. Жыл басында екі спортшыға да ота жасалып, қазіргі уақытта олар жарақаттан кейінгі қалыпқа келу кезеңінен өтуде.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.
Ел біріншілігі 19 мамырға дейін жалғасады.



