КҮРЕС
Тәңірбергенова мен Еркебаева жартылай финалға шықты

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы табысты нәтижелерін көрсетті.
50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова ширек финалда тайпейлік И Хуэй Линді 9:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалда жапониялық Юи Сусакиге қарсы белдеседі.
76 келіге дейінгі салмақта Гүлмарал Еркебаева үндістандық Каджал Каджалға қарсы белдесуде 5:3 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті. Келесі кезеңде ол моңғолиялық Даваанасан Энх-Амартқа қарсы күреседі.
Ал Шұғыла Өмірбек, Виктория Хусаинова және Елена Шалыгина өз салмақтарында жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.
Жартылай финалдық белдесулер 8 сәуірде өтеді.



