КҮРЕС

Магомадов әлем чемпионатының жүлдегерін жеңіп, жартылай финалға өтті

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзбекстандық Арам Варданянға қарсы белдесуде 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық спортшы жүлдеге бір қадам жақындады.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Камалиев, Алматбек Аманбек және Ислам Евлоев та жартылай финалға шыққан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button