БАСҚАЛАРЫ
Құрбанов Әлем кубогында жартылай финалға жолдама алды

Астанада өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде Руслан Құрбанов үздік төрттікке енді.
Қазақстандық спортшы ширек финалда жапониялық, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Коки қарсыласын 9:8 есебімен жеңіп шықты.
Енді Құрбанов финал жолдамасын венгриялық Давид Наги мен тартыста сарапқа салады. Жартылай финал 17:40-та басталады.
Айта кетейік, турнир Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.



