Қазақстандық шаңғымен тұғырдан секірушілер Швейцариядағы халықаралық жарыстарда өнер көрсетті

Швейцарияның Айнзидельн қаласында Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен шаңғымен тұғырдан секіруден халықаралық жарыстар аяқталды.
Әйелдер арасында Құрлықаралық кубок кезеңдері өтті. Алғашқы жарыста Қазақстан құрамасынан Алена Свириденко үздік нәтиже көрсетіп, 21-орын иеленді. Виктория Рулева 42-орынға, Вероника Шишкина 48-орынға тұрақтады.
Екінші жарыста Вероника Шишкина 44-орын алды. Виктория Рулева 46-сатыдан көрінсе, Алена Свириденко 50-орынмен аяқтады.
Ерлер FIS Cup аясында сынға түсті. 12 қыркүйектегі бәсекеде Даниил Калинкин финалдық кезеңге өтіп, қорытынды есепте 27-орын иеленді. Давид Гааль 52-орын, Артём Мешков 56-орын алды.
Екінші жарыс күні Қазақстан құрамасынан Девяткин үздік нәтиже көрсетіп, 31-орынға тұрақтады. Даниил Калинкин 35-орын, Артём Мешков 45-орын, Давид Гааль 54-орын иеленді.



