Қазақстанның гимнастика құрамасы Азия ойындарына 21 спортшымен қатысады

Жапонияда өтетін Аичи-Нагоя-2026 жазғы Азия ойындарында гимнастикадан Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды. Ұлттық құрама сапына спорттық және көркем гимнастика мен батуттағы гимнастикадан 21 спортшы енді.
Спорттық гимнастикадан ерлер арасында Нариман Курбанов, Милад Карими, Ильяс Азизов, Нуртан Идрисов және Дмитрий Патанин өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасына Дарья Ясинская, Амина Халимарден, Амели Мукушева, Радмилла Тарасова және Эвелина Ежова енді.
Көркем гимнастикадан жекелей бағдарламада Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы сынға түседі. Топтық жаттығуларда Кристина Чепульская, Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай және Айзере Нұрмағамбетова ел намысын қорғайды.
Батуттағы гимнастикадан ерлер арасында Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов, әйелдер арасында Виктория Бутолина жарысқа қатысады.
Азия ойындарындағы гимнастика бәсекелері 22 қыркүйекте басталады.



