БАСКЕТБОЛ
Қазақстан 3×3 баскетболдан U23 әлем кубогында бақ сынайды

Қазақстан ерлер құрамасы 3×3 баскетболдан Қытайдың Ухань қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы FIBA әлем кубогына қатысады.
Халықаралық турнир 15–19 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы А тобында Германия, Нидерланд, Сербия және Тонга командаларымен кездеседі.
Ұлттық құрама сапына Жәңгір Дүйсенов, Роман Байболов, Илья Пестов, Айболат Омаров және Азамат Жәнібеков енді.
Айта кетейік, әлем кубогында 23 жасқа дейінгі үздік құрамалар әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.



