Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының жеңімпазы атанды

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан өкілі Дарын Қонысбаев алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстандық триатлоншы жарыс жолын 1 сағат 00 минут 49 секундта аяқтап, қарсыластарынан озып кетті. Ресейлік Григорий Антипов 1:01:01 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болса, оның отандасы Алексей Петровский 1:01:17 көрсеткішімен қола медаль алды.
Қазақстанның өзге спортшыларынан Рамазан Әйнегов 20-орынға тұрақтады. Елмұрат Қанай 25-орын, Нұрасыл Сапарбек 26-орын, Федор Кузнецов 30-орын, Арсений Шевченко 31-орын, Матвей Шевнин 35-орын, Әлинаби Маралбеков 40-орын иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандықтардан Алуа Нұрмұхамет үздік нәтиже көрсетіп, 14-орын алды. Калерия Шнейдер 18-орын, Арина Шульгина 19-орын, Рамина Агабаев 20-орын, Вероника Иванюк 22-орынға тұрақтады.



