ДЗЮДО
Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі Grand Slam турнирінде бақ сынайды

11 қыркүйекте Венгрияның Будапешт қаласында дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир басталады. Қазақстан атынан жарысқа 12 спортшы қатысады.
Ерлер құрамасында 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин мен Нұраділ Әлжан, 66 келіде Ақжігіт Насыр мен Мейірбек Байзақов, 73 келіде Есет Қуанов пен Ерсұлтан Дүйсенхан сынға түседі.
81 келіге дейінгі салмақта Досхан Жолжақсынов, 90 келіде Ермахан Әнуарбеков пен Даниил Крылов, ал 100 келіде Асқар Біржанов ел намысын қорғайды.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Диана Бүркеева, 78 келіден жоғары салмақта Ақерке Рамазанова татамиге шығады.
Бастапқы өтінімге енген Камила Берліқаш, Ғалымжан Қырықбай және Жантілек Нұртілепұлы Будапешттегі турнирге қатыспайды.



