ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Азия ойындары-2026: таеквондодан Қазақстан құрамасы анықталды

Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында таеквондодан Қазақстан атынан өнер көрсететін спортшылар тізімі белгілі болды.

Ұлттық құрама сапына жеті спортшы енді. Оның үшеуі әйелдер, төртеуі ерлер арасындағы бәсекеде сынға түседі.

Әйелдер:
49 келіге дейін – Рита Бакишева
57 келіге дейін – Тоғжан Қазынабек
67 келіден жоғары – Назым Махмұтова

Ерлер:
58 келіге дейін – Тамирлан Тілеулес
68 келіге дейін – Самирхон Абабакиров
80 келіге дейін – Батырхан Төлеуғали
80 келіден жоғары – Бейбарыс Қаблан

Азия ойындары аясындағы таеквондо бәсекелері 1-3 қазан күндері Нагоя қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button