БОКС

«Странджа кубогы»: 27 ақпанда қазақстандық боксшылар ширек финалда жұдырықтасады

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа кубогында» 27 ақпан күні ерлер арасындағы ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі шаршы алаңға шығады. Бірқатар кездесулерде қазақстандық және өзбек боксшылары өзара мықтыны анықтайды.

Күндізгі сессия (17:00)

А рингі

  • 50 кг: Даниал Сәбит — Улас Ялчинкая (Түркия)
  • 70 кг: Рэнди Ботикали (Германия) — Фарух Тоқтасынов

В рингі

  • 55 кг: Бағлан Кенжебек — Билгуунсейхан Хархуу (Моңғолия)
  • 65 кг: Ертуған Зейнуллинов — Малик Хасанов (Әзербайжан)
  • 70 кг: Лавант Броунли (АҚШ) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

Кешкі сессия (21:00)

А рингі

  • 85 кг: Акмалжон Исроилов (Өзбекстан) — Сұлтанбек Айбарұлы
  • 90 кг: Дәулет Төлемісов — Джозеф Авинонгиа (АҚШ)
  • +90 кг: Нұрлан Сапарбай — Озодбек Алиев (Өзбекстан)

В рингі

  • 85 кг: Матвей Ражба (Украина) — Бекзат Таңатар
  • 90 кг: Самир Собиров (Өзбекстан) — Нурмагамед Юсупов

Осылайша бүгінгі жарыс күні қазақстандық былғары қолғап шеберлері жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button