ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады

Алматылық «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Кипрдің «Омония» клубына есе жіберді. Никосияда өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы жалғыз гол 13-минутта соғылды. «Омония» шабуылшысы Панайотис Андреу есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Кездесудің 33-минутында кипрлік клуб ойыншысы Лоик Него қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғанымен, қазақстандық команда сан басымдығын пайдалана алмады.

Екінші таймда «Қайраттың» есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндігі болғанымен, қорытынды есеп өзгерген жоқ. Осылайша, алматылық клуб сырт алаңдағы алғашқы матчты 0:1 есебімен аяқтады.

Қарымта кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, «Қайрат» келесі кезеңге шыққан жағдайда Болгарияның «Левскиі» мен Румынияның «Университатя Крайова» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал екінші іріктеу кезеңінен өте алмаса, Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Швецияның «Мьельбю» және Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button