
Қазақстан теннис федерациясы Билли Джин Кинг кубогының 2026 жылғы финалдық кезеңінде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Әлемдік деңгейдегі командалық турнирде Қазақстан сапында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина, жұптық сында әлемнің алтыншы ракеткасы Анна Данилина, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасы жарысты 23 қыркүйекте Испанияға қарсы ширек финалдық кездесумен бастайды. Әр матч екі жекелей және бір жұптық ойыннан тұрады.
Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінің кестесі:
22 қыркүйек
- Чехия – Ұлыбритания
23 қыркүйек
- Қазақстан – Испания
24 қыркүйек
- Украина – Бельгия
- Қытай – Италия
25 қыркүйек
- Бірінші жартылай финал
26 қыркүйек
- Екінші жартылай финал
27 қыркүйек
- Финал
Айта кетейік, Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы алғаш рет бұл турнирде жүлделі орындар үшін таласады.



