КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстанның әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатын екі жүлдемен қорытындылады.

46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Інжу Баққожа қола медаль үшін өткен белдесуде Ресей өкілі Алина Баранованы 8:2 есебімен сенімді жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Аружан Бақытнұр да қола медаль үшін күресті. Алайда шешуші белдесуде Үндістан спортшысы Аваншикаға есе жіберіп, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы U17 әлем чемпионатын бір күміс және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін 65 келіге дейінгі салмақта Айша Әбдімәлік финалға дейін жетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button