ДЗЮДО
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылары анықталды

Қазақстан дзюдо федерациясы 2026 жылы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Ел намысын құрлық додасында жеті ер және жеті әйел спортшы қорғайды. Құрама сапында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бастаған тәжірибелі дзюдошылармен қатар, халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүрген спортшылар да бар.
Ерлер құрамасы:
- 60 келіге дейін – Елдос Сметов
- 66 келіге дейін – Ғұсман Қырғызбаев
- 73 келіге дейін – Бақытжан Абдурахманов
- 81 келіге дейін – Алмат Әділет
- 90 келіге дейін – Айдар Арапов
- 100 келіге дейін – Марат Байкамуров
- 100 келіден жоғары – Ерасыл Қажыбаев
Әйелдер құрамасы:
- 48 келіге дейін – Әбиба Әбужақынова
- 52 келіге дейін – Меруерт Сәрсенова
- 57 келіге дейін – Дана Әбдірова
- 63 келіге дейін – Эсмигүл Куюлова
- 70 келіге дейін – Ажар Асхат
- 78 келіге дейін – Екатерина Токарева
- 78 келіден жоғары – Аида Тойшыбекова
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындарындағы дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық дзюдошылар құрлықтың басты спорт додасында жүлделі орындар үшін бақ сынайды.



